Шығыс шекарасында Қырғыз азаматынан тыйым салынған кітап табылды

9 Қаңтар 2019, 13:10
1578
Бөлісу:
Шығыс шекарасында Қырғыз азаматынан тыйым салынған кітап табылды

Астана, baq.kz. ШҚО аумағында шекара бақылауын жүзеге асыру кезінде 28 жастағы қырғыз азаматынан діни сипаттағы тыйым салынған кітап табылды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК.

Оқиға Семей жеріндегі «Ауыл авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде болды.

«Жолаушылардың бірінің сөмкесінен қырғыз тіліндегі діни сипаттағы кітап табылды. Ол – Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған әдебиеттер тізімінде бар», — деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қырғызстан азаматының Қазақстан арқылы өз еліне Ресейден келе жатқаны анықталды.

Ал кітап Бородулиха ауданының Ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы