Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қалай қарсы алу керек

24 Қаңтар 2020, 23:30
4768
Бөлісу:
Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қалай қарсы алу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күнтізбе бойынша Жаңа жылды қарсы алып қойғанымызбен, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 2020 жылдың 25 қаңтарында таңғы сағат 3:42-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) кіреді.  Ақ тышқан жылын фэн-шуй бойынша қалай күтіп алу керек?

Ақ тышқан жылын фэн-шуй бойынша қалай күтіп алу керек?

Жаңа жылда алғашқы ай туған күн тілек айтатын күн деп есептеледі. Армандарыңыздың тізімін жазуыңызға болады. Арман айтқан кезде оларды дұрыс формада айтқан абзал. Мысалыға, армандарды болымды және осы уақытта орындалғандай қылып айту керек. Яғни, "мен – күлгін түсті Tesla көлігінің иесімін". Жаздыңыз. Немесе " ен саяхатқа мына жерге бара жатырмын" деген сияқты формада жазу керек, – деді қытай астрологиясы жөніндегі маман, кеңесші Елена Топольская Zakon.kz агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әр ай сайын алғашқы ай туған күннің сіздің болашағыңыз үшін маңызы зор. Әр айда алғашқы ай туған күн екі сағатқа немесе бірнеше тәулікке созылып жатады.

Сіз осы кезде ойлаған ойыңыз, арманыңыз және елестеткен тілектеріңіз тез іске асады. Егер сіз алғашқы ай туған күні біреумен ренжісіп, жаман оймен жүрсеңіз, онда бір ай бойы соның салдарын көруіңіз мүмкін. Ал шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың алғашқы ай туған күні  25 қаңтар десек,  онда бұл бір жылға созылуы мүмкін. Сондықтан жоспарыңызды бір жылға құрыңыз, – деді Елена Топольская.
2020 жылы – Тышқан жылы екі стихияның: Металл Ян (аспан) және Су Ян (Тышқанның өзі) ықпалымен өтеді.

Металл – байлық элементі, сондықтан 2020 жыл кіріс жақсы түседі. Ал Су индустрияның өрлеуіне әкеледі. Сатылым, тез әзірленетін тауарлар, саясат, химиялық тазалау және т.б. салалардың жұмысына жақсы ықпал етеді.

2020 жылы ақшаны көп табуға болады және жинақтауға мүмкіндік көп. Бірақ бір айта кететін жайт бар. Жылдың жекешелігінің элементі – От, бұл – сіз бен біз, яғни адам. Ол көп жұмыс істейді, оның айналасында ақша көп, бірақ байлық көп болған кезде біз оны ұстай алмай қаламыз да, банктегі кассирге айналамыз. Сондықтан Ағаш және От стихияларын – білім, оқу, ғылым, рухани ақпарат, әріптестікті жандандыру керек. Яғни сіз ешкімге айтпастан барлығын өзіңіз жасауға тырыссаңыз, жетістікке жету қиындау болады. 2020 жылда жетістікке жетудің сыры – келісу, бірігу, серіктестік құру, жаңа білімге ұмтылу. Сонда біз бұл металды басқара аламыз және ақшаны ұстап қала аламыз, – деген кеңес берді Елена Топольская.
Жеке өмірге келетін болсақ, Металл Тышқан жылы – некеге тұрып, оны ұзақ сақтауға қолайлы кезең. Астрологтың айтуынша, 2020 жылы құрылған неке ұзақ болады.
Өзгелердің жаңалығы