Шығысқазақстандық шаруалар швейцариялық тәжірибені меңгеруде

26 Ақпан 2020, 11:47
1429
Бөлісу:
Шығысқазақстандық шаруалар швейцариялық тәжірибені меңгеруде

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласында ұйымдастырылған оқыту семинарында шығысқазақстандық кәсіпкерлер швейцариялық қолданбалы экономика мектебінің әдістемесімен танысып, тәжірибе алмасты.

Ауыл шаруашылығы саласы мен ғылымды біріктіре жұмыс жасауға бастайтын семинар аясында қала кәсіпкерлері "Master in International Management-MIM" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша тегін оқытылды. Семинарға ауыл шаруашылығы саласына құзырлы мекемелерден бөлек, "Мұздыбай", "Жаз", "Байғазы", "НҮР", "Социал", "Береке" сынды өңірдің ірі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
нысандарының басшылары қатысты.

ФОТО 2 с СГУ им.Шакарима.jpg

Мұндай шараларды өткізу арқылы біз шаруа қожалықтары мен жоғары оқу орнының инженерлік-технологиялық кафедраларымен тығыз байланыс орнатып, ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерінің бағыттарын анықтаймыз. Сонымен қатар, бұл ғылыми жұмыстарды одан әрі қарай өндірісте қолдануға жол ашамыз, - деді Семей қалалық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды және әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша маманы Александр Люй.
фото с обучающегося семинара.jpg

Семинар аясында "АӨК саласына жануарлар арасында қауіпті індеттердің шығуын ескерту мақсатында цифрландыру элементтерін енгізу", "Ет-сүт өнімдерін өңдеуді ғылыми қолдау", "Биогаз құрылғыларын және жануарлардың қиын, Шығыс Қазақстандағы құс фабрикалары мен қайта өңдейтін кәсіпорындардың қалдықтарына арналған кешендерді орнату", "Ауыл шаруашылығы жерлерін интерполимерлі кешендермен құрылымдау" сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.
Өзгелердің жаңалығы