Шығысқазақстандық саперлер Арыстан үйлеріне оралды

31 Шілде 2019, 13:12
1708
Бөлісу:
Шығысқазақстандық саперлер Арыстан үйлеріне оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласын тазартуға әскери тапсырма алған №27943 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының жеке құрамы Шығысқа қайтып оралды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Рота командирінің айтуынша, Арысқа 12 сапер барды. Бейбіт күнде астаң-кестең болған қаланы жарылу қаупі басым заттардан арылтқан оларға мақтау қағазын табыстады.

«Төтенше жағдай болған жерге барып, жарылыс заттарын тазарту – аса қауіпті жұмыс. Біз алғашқы аптада үйінділерді шығардық. Содан соң оқ-дәрі қоймаларын тазарттық. Жүктелген міндетті абыройлы атқарған сіздерге алғыс білдіремін», - деді рота командирі Қанат Тоқтарбеков.

Өзгелердің жаңалығы