"Рухани жаңғыру" бағдарламасының үздіктері анықталды

7 Желтоқсан 2019, 17:43
2465
Бөлісу:
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында "Рухани жаңғыру" өңірлік орталығының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" - Мәңгілік елдің болашағы" атты облыстық фестиваль өтті, деп хабарлады Алтайньюс.

Фестиваль аясында бағдарламаны жүзеге асырушы жобалық штабтардың жұмысын жоспарлау бойынша семинар, практикалық сағаттар, арнайы көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға келген қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жобалық штабтардың басшылары мен мамандары өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Үшінші жыл қатарынан қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Елбасының бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл қоғамды, халықтың барлық топтарының өкілдерін біріктіруге мүмкіндік берді. Бүгін біз өткен жылдың қорытындысын шығарамыз. Фестиваль үздік тәжірибелерді тарату, тәжірибе алмасу, өңірлік жобалау штабтарының имиджін нығайту мақсатында өткізіліп отыр. Бағдарламалық мақалаларды әдістемелік және жобалық қолдау үшін өңірде "Рухани жаңғыру" орталығы құрылды. Жобалық штабтар ұйымдастырушылық, ақпараттық және жобалық қызметке белсенді қатысады, - деді өз құттықтау сөзінде ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит.

Басқарма басшысы облыс әкімі орынбасарының атынан жыл үздіктерін марапаттады. "Үздік жобалық штаб" номинациясында Риддер, Алтай, Семей қалаларының, Шемонаиха мен Тарбағатай аудандарының жобалық штабтары үздік танылып, жетекшілері арнайы кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.





Өзгелердің жаңалығы