Шығыс Қазақстанда оқытушы самогонды түзеу мекемесіне кіргізбек болды

29 Қаңтар 2020, 04:21
1694
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда оқытушы самогонды түзеу мекемесіне кіргізбек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/20 мекемесінің аумағына Өскемен қаласының №1 колледжінің оқытушысы алкоголь  ішімдігін кіргізбек болды. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОВ - 156/20 мекемесінің қызметкерлері келушілердің жеке заттарын тексеру барысында жарты литр көлемінде алкоголь ішімдік бөтелкесін тауып тәркілеген. Бөтелке қысқы күртешенің қалтасында жасырылған. Минералды судың шөлмегіне алкогольді тығып құйып алған оқытушы, бұл ауыз су екенін мәлімдеген. Алайда, бөтелкеден алкогольдің ерекше иісі шыққан. Тәркіленген  сұйықтықтың құрамын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

b35fa0eb-2aa8-4be1-821b-c2f7308691a9.jpg

Мекеме  аумағында спирттік ішімдіктерді жасырын  түрде өткізу әрекеті үшін,  жоғарыда аталған әйелге әкімшілік құқықбұзушылық түрде  ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салыну мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы