Шығыс Қазақстанда "Донор апталығы" өтті

24 Қаңтар 2020, 21:52
1408
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда "Донор апталығы" өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде "Донор апталығы" атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады polisia.kz.

Акция мақсаты – аймақтағы науқас балаларды емдеуге қажетті көмек көрсету. Мұндай іс – шараны қылмыстық – атқару қызметкерлері жыл сайын өткізеді. 
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ге жуық қызметкері ерікті түрде қан тапсыруды шешкен. Қызметкерлеріне үлгі болу мақсатында мекеме басшылары қан тапсыру үшін емдеу бөлмесіне алғашқы болып келді.  
Мейірімділік – рухани қасиет, адами мінез-құлық. Мейірімді болып оған ақы сұраудың қажеті жоқ. Жақсылықты міндетсінбейміз. Мұндай шаралар арқылы өмірге деген көзқарас өзгереді. Бүгін біздің команда қан тапсыруға шешім қабылдадық. Осылайша қан құюды қажет ететін науқастарға өмір сүруге мүмкіндік бердік, – деді Қанат Жүсіпов

Өзгелердің жаңалығы