Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда Абайдың ескерткіші ашылады
23 Сәуiр 2019, 13:13 314

Шығыс Қазақстанда Абайдың ескерткіші ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде Абай Құнанбайұлының тағы бір ескерткіші қойылады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Жуықта Көкпекті ауданы Самар ауылында Ұлы ойшылдың ескерткіші қойылмақ. Бұл іспен ауыл әкімі Ахмет Күдербаев пен шаруашылық жүргізуші мекеменің жетекшісі Марат Дүсіпов айналысып жатыр.

Олардың айтуынша, ескерткіш 12 тамызда ашылады. Бұл Абай Құнанбайұлының туған күні.

Аудан жастары салтанатты ашылу шарасының қарсаңында ақын туындыларына байланысты зияткерлік байқау ұйымдастырады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық