Шығыс Қазақстанда "Абай әлемі" жобасы аясында жазушылардың кітаптары шығады

11 Қараша 2019, 17:54
2679
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда "Абай әлемі" жобасы аясында жазушылардың кітаптары шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ШҚО-да "Абай әлемі" жобасымен 12 кітап 6500 таралыммен шығады, деп хабарлайды Аltaynews. Бұл туралы кеңейтілген аппарат кеңесінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова баяндады.

Оның айтуынша, өңірдегі үлкен қаламгерлерден Нұрлыбек Баймұратов, Қалихан Алтынбаев, Станислав Черных, Тыныштықбек Әбдікәкімұлының кітаптары басылады.

Жастар жылына орайластырылып төрт кітап шығады. Авторлар: Бауыржан Игілік, Мерей Қарт, Қызырбек Дүргінбайұлы, Александр Мещеряков", – деді Әсем Нүсіпова.

Сондай-ақ өлкетанушылардың жинағы жарық көреді.

Өзгелердің жаңалығы