Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан музейлерін 1 миллионға жуық адам тамашалаған
25 Мамыр 2020, 14:03 166

Шығыс Қазақстан музейлерін 1 миллионға жуық адам тамашалаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстың мәдениет объектілері қатарына музейлер, театрлар, кітапханалар, кинотеатрлар, концерттік ұйымдар, клуб типтес мекемелер, демалыс саябақтары мен хайуанаттар бағы кіреді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыста қазір 365,8 мың экспонаты бар 17 музей бар, соның ішінде 122,3 мыңы өткен жылы көрмеге қойылды.

ШҚО Статистика департаментінің ақпараты бойынша, бір жыл ішінде 813,3 мың адам музейді тамашалады, соның ішінде 516,2 мыңы балалар. Музей мамандарымен, экскурсия жүргізушісімен 21,0 мың экскурсия өткізіліп, 1843 дәріс оқылды.

Өткен жыл ішінде 2 театр ұжымы 849 спектакль көрсетті, соның ішінде 417 спектакль (жалпы санының 49,1%-ы) балалар үшін қойылды. 2019 жыл ішінде облыс театрларымен 31 жаңа қойылым ұсынылып, 131 спектакль көрсетілді. Осы қойылымдарға 171,9 мың адам көрермен болса, соның ішінде 80,1 мыңы балалар, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.



Фото: дереккөз
Загрузка...