Швейцариядан Қазақстанның 390 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылды

17 Қыркүйек 2020, 09:59
1708
Бөлісу:
Швейцариядан Қазақстанның 390 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды, деп хабарлады  ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.

Өзгелердің жаңалығы