Швейцарияда Ұлттық Домбыра Күні аталып өтті

5 Шілде 2020, 22:22
1481
Бөлісу:
Швейцарияда Ұлттық Домбыра Күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцариялық Альпіде - Меггенхорн көркем жерінде Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан Республикасының Швейцариядағы елшілігі "Birlik" Қазақстан-Швейцария бірлестігі мен ҚазАльянстың қатысуымен домбырашылардың музыкалық қойылымын ұйымдастырды.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс–шараның ашылуында Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев "Мәдениет - халықтар арасындағы ең сенімді көпір, ол елдерді бір-біріне жақын және түсінікті етеді. Өздеріңіз білетіндей, қазақтың рухы домбыраның дыбысында, ал швейцарлықтардың жаны Альпі сұлулығымен демалады. Бүгін біз осы ерекше мәдени симбиоздың куәсі болдық, - деп атап өтті.

Іс-шара Меггенхорнның көптеген қонағының назарына ілініп, олар домбырашылардың "Балбырауын", "Секіртпе", "Әлқисса", "Ақсақ киік", "Жекпе-жек", "Көңіл толқыны", "Ерке-Сылқым" және "Адай" күйлеріне таңданып, бейнекамераларға түсіріп, аспаптар мен ұлттық киімдерге қызығушылықтарын жасырмады.

Іс-шараға Швейцария бизнесмендері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және елшілік өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы