Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіледі

24 Маусым 2021, 22:30
985
Бөлісу:
Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусымда Швейцарияда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды. 

Сондай-ақ, азаматтар өзінің екпе салдырғандығын  растайтын куәлікті, COVID-19 инфекциясынан сауығып шықандығы туралы немесе ПТР тесттің теріс нәтижесі бар  анықтаманы ұсынған жағдайда, мейрамханаларға келушілердің және жаппай іс-шараларға қатысушылардың санына қойылған шектеулер алынып тасталмақ. 

Шенген аймағындағы басқа елдердің азаматтары Швейцарияға келгеннен кейін енді карантинге жатуға міндетті емес. Бірақ Үндістаннан, Ұлыбританиядан және коронавирустың жаңа нұсқалары қарқынды таралып жатқан елдерден келетін азаматтар үшін шектеулер күшін жойған жоқ.

Ал Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталғандықтан шаһарда шектеу шаралары енгізілді. Бұл шаралардың локдаунға жатпайтындығын атап өткен жөн. Билік өкілдері мұндай әрекеттің «сақтық шаралары» екендігін айтты. Мектептер мен дүкендер ашық қалса да, әлеуметтік байланысқа қойылған шектеулер алынған жоқ. Осылайша, 100-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады. Іс-шараларға қатысушылардың барлығы өзара 1-2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс.

Жапония халықты иммундау бойынша ішкі рекордтарды орнатуда. Өткен тәулікте  коронавирустық инфекцияға қарсы екпені 1 млн адам алды. Мемлекет билігі шілденің соңына дейін елдің барлық қарттарын, ал қарашаға дейін елдегі барлық ересек тұрғындарды вакцинациялау үшін егу шараларының қарқынын төмендетпеуге ниетті. Қазіргі уақытта 125 миллион жапондықтың тек 18% вакцинаның кем дегенде бір компонентін салдырған, - деп хабарлады санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы