Швейцарияда коменданттық сағат енгізілді

3 Қараша 2020, 14:46
1309
Бөлісу:
Швейцарияда коменданттық сағат енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияда коронавирустық індеттің күрт өсуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Осыған байланысты азаматтардың түнгі сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін себепсіз көшеге шығуына болмайды. Айта кетейік, өткен тәуліктің өзінде Швейцария елінде 22 мыңдай адамнан қауіпті вирус анықталды. 62 азамат қайтыс болды. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жоқ. Барлық жерде маска тағу режимі орнаған. Студенттер болса, қашықтан оқуға көшірілді. Бұдан бөлек, сақтық мақсатында қоғамдық іс-шараларға қатысушылар саны 50-ден аспауы тиіс. 

Ахуалдың алдын алу үшін Женевада кафе-барлар, кинотеатрлар, мұражай мен спорт залдары жабылды. Шаштараз бен сұлулық салондары да жұмыс істемейді. Шектеу шаралары қарашаның соңына дейін жүреді. 

Біз екі-үш жыл бұрын зейнетке шыққан қызметкерлерді шақырдық. Жағдайды мейлінше тезірек қалыпқа келтіруіміз керек. Індеттің екінші толқыны әлсіз болады деп ойлап едік. Алайда ол біріншісінен де күштірек болып тұр, - деді Женева университеті ауруханасының директоры Бертран Леврат.



Өзгелердің жаңалығы