Швейцария Covid-төлқұжат енгізеді

10 Қыркүйек 2021, 05:37
4559
Бөлісу:
Швейцария Covid-төлқұжат енгізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ережеге сай азаматтар мейрамхана, театр, кинотеатр және фитнес орталықтарына кіру үшін екпе салдырғаны жайлы сертификат немесе ПТР-тестің теріс нәтижесін, болмаса дерттен жазылып шыққаны жайлы анықтама көрсетуі тиіс болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп ашық аспан астында 1 мыңнан астам адам қатысатын іс-шараларда да қолданылады. Биліктің мұндай қадамға баруына елде вирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Соңғы аптада елде күн сайын 3 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Соңғы рет мұндай жағдай сәуір айында тіркелген.

Айта кетейік, қазір Швейцарияда коронавирусқа қарсы халықтың жартысынан астамы вакциналанған.



Өзгелердің жаңалығы