Швеция жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңін өткізеді

13 Тамыз 2020, 17:21
1717
Бөлісу:
Швеция жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 тамыз күні Швеция астанасы Стокгольмде жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңі өтеді. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы хабарлады. 

Көптен бері үзіліс алған жеңіл атлетика бәсекесі әлемде қайта жанданды. Стокгольмдегі додаға көптеген әлем және Олимпиада чемпионы қатысады деп жоспарлануда. 

Атап айтар болсақ, әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары Мондо Дуплантис, Даниэль Шталь, Катерина Стефаниди, Карстен Уорхольм және басқа да танымал атлеттер бақ сынайды.  

Айта кетейік, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде қауіпсіздік шаралары түгел сақталатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы