Шұғыл әрекет ету штабы: Елдегі жағдай тұрақтанып келеді

9 Қаңтар 2022, 13:29
2144
Бөлісу:
Шұғыл әрекет ету штабы: Елдегі жағдай тұрақтанып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысында айтылды.

Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда. 

Жиында еліміздің барлық өңірлерінде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрін лаңкестерден тазартқаны туралы айтылды. Коммуналдық және тіршілікке қажетті басқа да нысандар қалпына келтіріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы