Бас жаңалықтар
Шучинск қаласында өрт 4 отбасыны баспанасыз қалдырды
19 Қараша 2020, 00:31 163

Шучинск қаласында өрт 4 отбасыны баспанасыз қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинск қаласында төрт пәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт бірдей отбасы баспанасыз қалды. Қазір қаладағы ерікті азаматтар қолынан келгенше далада қалған отбасыға азық-түлік, киім-кешек және басқа да керек-жарағын жеткізіп, қолдау көрсетуде.

Өрт өткен түні таңғы бестер шамасында тұтанған.

Тілсіз жау Щучинск қаласындағы Нагорная, 20 мекенжайындағы үйден шықты. Шұғыл оқиға орнына 4 техника, 20 адам аттанды. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - дейді Бурабай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Бабаев.
Тұтас жанып кеткен үйде фотосуреттері бар отбасылық альбом ғана қалыпты. Бұл үйде емізулі баласы бар отбасы да тұрып жатқан.
Мен өртенген үйде тұратын Марья Ивановнаның оқушысымын. Қолымнан келгенше көмек көрсеткім келіп, әлеуметтік желіде хабарландыру жасадым. Қазір барлық қала тұрғындары азық-түлікпен, киім-кешек беріп, қаржылай қолдау көрсетуде», - дейді Ермек есімді Щучинск қаласының тұрғыны.
Оқиға орнына барған Щучинск қаласының әкімі Ерлан Қаппасов қиын жағдайда қалған отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, көмек беретінін айтқан.
Зардап шеккен отбасы мүшелерімен сөйлестім. Кейбірі туысқанының, кейбірі көршісінің үйін паналап жатыр. Оларға заңнама шеңберінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек беріледі. Баспана есептен шығарылғаннан кейін, бұл отбасылар тұрғын үй алу үшін кезекке тұра алады, - деді Щучинск қаласының қала әкімі Ерлан Қаппасов.
Тілсіз жаудың кесірінен басындағы баспанасынан айырылған отбасыларға қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр. «Lider.kz» волонтерлері азық-түлік пен киім-кешектер әкеліп беріп жатыр.
Қала тұрғындары бір кісідей қолдау көрсетіп жатыр. Көмек көрсетуге ұмтылған адамдардың легі көп. Төсек, әртүрлі заттар, азық-түлік, ақша әкеліп беруде. Екі отбасында кішкентай балалар бар, - дейді Lider.kz волонтерлік қозғалысының жетекшісі Олеся Баимова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...