Шуақты мерекені игі істерге арнау дәстүрге айналды – әлеуметтік волонтер

8 Наурыз 2020, 11:12
2263
Бөлісу:
Шуақты мерекені игі істерге арнау дәстүрге айналды – әлеуметтік волонтер

Павлодар. BAQ.KZ. Ертіс өңірінің тұрғыны Лаура Сәрсембина жастығына қарамстан, волонтерлікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруды жөн санапты. 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні қатарластары сияқты тойламайды. Көктемің шуақты мерекесін әлеуметтік мекемелерде өткізуді игі дәстүрге айналдырған.

Лаураның ойынша, волотер болу жұртшылықтың алғысын алу ғана емес, бұл – өмір стилі.

Ерікті атанғаныма бірнеше жылдың жүзі болды. Бстапқыда облыс орталығыдағы психоневрологиялық ауруларға шалдыққан азаматтарға арналған «Альрами» клуб үйінде тегін шаштараздық қызмет көрсетіп жүрдім. Тұрғындардың шаштарын тегін қиып, осылайша көмек көрсеткім келді. Бұл мен үшін өмірлік тәжірибе іспеттес, сонымен қатар, қоғамың дамуына атсалысуым болса керек, - дейді әлеуметтік волонтер.

Лаураның бірінші мамандығы – шаштараз. Жаны әлеуметтік еріктілікке, яғни, көмекке зәру тұрғындрға қол созуды мақсат етеді. 19 жасар студент балалар үйлері, қарттар үйлерінің тұрақты қонағы.

Біз айына бір рет облыстың ауылдарындағы балалар үйлеріне барамыз. Мәселен, осы тектес мекемелер Кенжекөл, Песчан және Тереңкөл ауылдарында бар. Мен үшін – балалардың жүзінде шынайы күлкіні көру – ең қымбат марапат. Әрине, облысымызда волонтерлік жасақтар өте көп. Үлкен жүректі азаматтардың ортасынан табылу мен үшін зор бақыт, - дейді Лаура Сәрсембина.

Нәзік жанды жұртшылықтың жылулығына зәру тұрғындармен қарым-қатынас орнатып үлгерген. Айтпағымыз, хоспистердің сырқаттары туралы.

Әдетте, хоспистер ешкімге керек емес орын деген таңсық пікір қалыптасқан қоғамымызда. Менің ойымша, бұл мекемелер «өлім орны» емес, "өмір үйі". Мен апта сайын хосписке барып, пациенттерге түрлі шаштараздық қызметтер көрсетемін. Азаматтардың ғұмырлары туралы естеліктерді сағаттап тыңдай аламын, - дейді Лаура. .

Лаура төл мерекесі күні де хоспистен табылады. Осылайша, студент өмір бойы жақсылық жасауды көздейді.

Мен бір адамның алғысын естісем, қуанышым ішімей сыймай кетеді. Осындай бақытқа кенелгенім еріктіліктің арқасында деп білемін. Бүгінде Ертіс өңіріндегі волонтерлік қозғалыстың дамуына атсалысып жүрген азаматтардың біріне айналдым. Бірақ, өз басым, хоспистерге көмектескім келеді, - дейді студет.

Лаура Сәрсембин еңбекке 14 жасында араласты. Бүгінде жоғары оқу орнында білім алуме қатар, жарнамалық агенттікте жұмыс істеп жүр. Тығыз жұмыс кестесінде жақсылық жасауға да уақыт тауып, белсенді өмір сүру салтына мән береді. Болашақ мамандығы – қаржыгер.

Белсенді жас былтырғы жылы аймақтағы дарынды жастардың "Ертіс дарыны" сыйлығының "Жыл волонтері" аталымы бойынша марапатқа ие болды.

Өзгелердің жаңалығы