Шымкентте тағы бір Аntikor ortalyǵy ашылды

3 Шілде 2020, 02:50
1160
Бөлісу:
Шымкентте тағы бір Аntikor ortalyǵy ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "Аntikor ortalyǵy" сервистік орталығы ашылды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ВКБ арқылы онлайн-форматта қатысты.

Агенттіктен хабарлағандай, орталықтың ашылуы елорда күнін мерекелеуге арналды. Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Аntikor ortalyǵy азаматтарға білікті мамандардан жайлы жағдайда жедел заңдық кеңес алуға мүмкіндік беретін диалог алаңы. Орталыққа кез келген азамат жүгіне алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері күн сайын қабылдайды.

Сервистік орталықты ашуға тұтынушыға бағдарлану қағидаттарына сай келушілерге ыңғайлы фронт-кеңсе мен оpen space форматының тиімді үйлесімі негіз болған.

Антикор-орталығының алаңында "Шымкент – Адалдық алаңы" мен "Protecting business and investments" жобалық кеңселері жұмыс істейтін болады. Мұнда "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен арнайы мониторинг топ мүшелеріне, азаматтарды қабылдауға кабинеттер, мәжіліс залы қарастырылған.

Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Шенеуніктер өз ойын тәртібін белгілеп, ал азаматтар оған бағынатын жабық процестер барлық әлемде келмеске кетуде. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі, - деді агенттік төрағасы.

Өз кезегінде, шаһар басшысы Мұрат Айтенов қалада  көрсетілетін  164 мемлекеттік қызметтің 88,1% автоматтандырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жемқорлықты азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған құқықтық-әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды іске асыруға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен "Аntikor ortalyǵy" еліміздің барлық өңірлерінде ашылуда. Қазіргі таңда 16 сервистік орталықта азаматтарды қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы