ШҚО-да жемқор шенеуніктер 107 миллион теңге айыппұл төледі

29 Қаңтар 2020, 21:31
1430
Бөлісу:
ШҚО-да жемқор шенеуніктер 107 миллион теңге айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы ШҚО сотында сыбайлас жемқорлық бойынша 76 адамның 66 қылмыстық ісі қаралған екен. Оларға салынған айыппұл көлемінің жалпы сомасы 107 700 000 теңгені құрады, деп хабарлайды  Altaynews.

76 айыпталушының 24-іне жаза ретінде айыппұл салынған. Б3р адамға салынған айыппұлдың ең көп мөлшері – 27 миллион теңге.

Салынған айыппұлдар 100 пайыз толық төленіпті. Бір айдың ішінде төленбеген жағдайда сот үкімі қайта қаралып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады екен.

Жуықта облыстық басқармалардың бірінің басшысы сыбайлас жемқорлық бабы бойынша сотқа тартылған еді. Оған 40 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып отыр.

Өзгелердің жаңалығы