ШҚО-да зейнеткерлердің басым бөлігіне 100% мөлшерде базалық зейнетақы тағайындалған

28 Сәуір 2019, 15:05
3205
Бөлісу:
ШҚО-да зейнеткерлердің басым бөлігіне 100% мөлшерде базалық зейнетақы тағайындалған
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жыл көлемінде Шығыс Қазақстан билігі зейнетақы мен жәрдемақы төлеу саласына бағытталған қаражатты 9 миллиард теңгеге ұлғайтқан. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева хабарлады.

«Елбасының Қазақстан халқына жолдауына және бекітілген республикалық бюджетке сәйкес елімізде жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері өсіп отыратыны белгілі. Мұны соңғы үш жылда осы мақсатқа бағытталған қаражат мөлшерінен-ақ байқауға болады. Мысалы, 2016 жылы біз осы салаға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 17 миллиард теңге бағыттасақ, 2017 жылы ол 19,8 миллирадты, 2018 жылы – 24 миллиардты құрады, ал биыл бұл сома 26 миллиард теңгеге жетіп отыр. Міне осыдан-ақ зейнетақы мен жәрдемақыларға ел билігі тарапынан бөлініп отырған ерекше назарды байқауға болады», - деді Жанар Өмірғалиева.

Соңғы үш жыл ішінде әйелдердің зейнет жасының ұлғаюы, сонай-ақ бала жасынан І-топ мүгедегін бағып отырған азаматтарға жаңа жәрдемақы түрінің тағайындалуы сияқты маңызды өзгерістердің орын алғанын алға тартқан жауапты тұлға базалық зейнетақының жаңа тәртіпте есептеле бастағанын тілге тиек етті.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғайтыла бастады. Сонымен қатар бала жасынан І-топ мүгедегін бағып отырған азаматтарға жәрдемақының жаңа түрі тағайындалды. Атап айтсақ, бұған дейін мұндай жәрдемақы жарымжан жанды бағып отырған адамға мүгедек кәмелет жасына толғанға дейін ғана төленсе, бұдан былай жәрдемақы 18 жастан асқан І-топ мүгедегін бағып отырған адамдарға да төлене бастады. Сондай-ақ базалық зейнетақы бұған дейін нақты бір сома көлемінде беріліп келсе, ендігі кезекте ол адамның еңбек өтіліне қарай қайта есептеліп, әлеуметтік әділдіктің орнауына септігін тигізді», - деп қосты Жанат Кәукенқызы.

Оның айуынша, бұл өзгеріс өңірдегі 235 мың зейнеткердің басым бөлігінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы алуына мүмкіндік берген. Бұдан бөлек, кейбір әлеуметтік төлемдер түрін тағайындау жолдары жеңілдетілген. Атап айтсақ, бұған дейін азаматтар мүгедектік тобын ресімдету үшін құжаттарын ХҚКО-ға тапсыру керек болса, бұдан былай ол функцияны жергілікті жерлердегі медициналы-әлеуметтік сараптама комиссиялары өз мойындарына алған. Сондай-ақ жұмысынан айырылу бойынша да тұрғындардың тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіну тетігі енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы