ШҚО-да «қос азаматтығы» бар 30-дан астам адам жауапқа тартылды
13 Мамыр, 08:04 401

ШҚО-да «қос азаматтығы» бар 30-дан астам адам жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметі қос азаматтығы барларды жауапқа тартуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жыл басынан бері Азаматтық туралы заңды бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мәселен, полиция қызметкерлері сәуір айының соңында Глубокое ауданының 67 жастағы тұрғынында қос азаматтық бар екенін анықтаған. Ол 2016 жылдың қыркүйегінде Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ бұл туралы Ішкі істер органдарына немесе ҚР шет елдердегі мекемелеріне хабарламаған. Тәртіп бұзушыға 200 АЕК айыппұл салынды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...