ШҚО-да 3 мыңнан астам спорт секциясы ашылады

1 Мамыр 2022, 02:25
1562
Бөлісу:
ШҚО-да 3 мыңнан астам спорт секциясы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының орта мектептерінде үш мыңнан астам спорт секциясы ашылады, деп хабарлайды Altaynews.

Облыста спорттық инфрақұрылымды кеңейту соңғы жылдары қарқын алды. Шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда салынған түрлі заманауи спорттық нысандар халықтың спортқа деген қолжетімділігін арттырды.

Биыл облыс бойынша 14 спорт нысанының құрылысы жалғасады. Атап айтсақ, бір үстел теннисі орталығы, сегіз дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен екі бассейн салынады. Аудан орталықтарында, шекара маңындағы ауылдарда үш спорт модулі пайда болады, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Жалпы, биыл бой көтеретін ірі спорттық нысанның бірі облыс орталығында елімізде теңдесі жоқ 58 кортқа арналған әрі 300-ге жуық көрермен орны бар үстел теннисі орталығы болмақ. 
Алдағы төрт жыл ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Оның 22 мың балаға арналған 1268-і биыл ашылады.

Сонымен қатар облыс орталығында жан басына қаржыландыру аясында спорттың 17 түрі бойынша 160 тегін секция ашылды.

Өзгелердің жаңалығы