ШҚО-да 16 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

31 Мамыр 2019, 09:55
1127
Бөлісу:
ШҚО-да 16 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да алыс жолдарға қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісіне шабуылдаған қылмыскерлердің бірі ұсталды. Полиция оны 16 жыл бойы іздеген, деп жазады Аltaynews.kz. 

Бұл оқиға 2003 жылы болған. Үш ер адам жүргізушіге шабуылдап, жүк көлігін айдап алып кеткен. Келтірілген залал мөлшрі екі миллион теңгені құрайды. 

Үш қарақшының екеуі сол жылы қамауға алынып, біреуі полициядан 16 жыл бойы жасырынып жүрген екен. 2012 жылы оның аты-жөні нақты анықталып, іздеу салынған. 

Жақында қылмыскер Семей қаласында құрықталып, тергеу изоляторына тоғытылды.
 

Өзгелердің жаңалығы