Бас жаңалықтар
ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмеген
01 Қазан 2020, 06:10 132

ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 11 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жері бар. Бірақ, 1,5 миллоннан астамы әлі күнге дейін игерілмей жатыр. Оның басым бөлігі – жайылымдық және шабындық алқаптар, деп хабарлады «Хабар 24».

Жерді мүлде пайдаланбаған немесе дұрыс күтім жасамаған шаруалардан 1 миллион 200 мың гектардан астам жер қайтарылды. Айта кетерлігі, аймақта жерді ғарыштан бақылайтын қанатқақты жоба қолға алынған. Осы жобаның арқасында шығыстағы шаруалардың жайылымдық жердің 20%-ын ғана пайдаланып отырғаны анықталды.

Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасына сәйкес, жерді пайдаланушылардың веб-порталы жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бүгінге дейін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізіп, осы порталға енгіздік. Қазір бізде жайылымның көлемі анықталды. Нәтижесінде, бүгінге дейін жерді дұрыс пайдаланбаған 2 мыңға жуық шаруаға хабрлама жіберілді. Шамамен 1,5 миллион гектар жер қайтарылды, - деді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...