Бас жаңалықтар
ШҚО-да 30-дан астам жетім бала қамқорлыққа алынған
01 Маусым 2019, 15:23 560

ШҚО-да 30-дан астам жетім бала қамқорлыққа алынған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың бес айында облыстағы ХҚКО-лар арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқорлық пен қорғаншылық белгілеу бойынша 30-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу – жетім және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүліктік құқықтардың болуымен өзгешеленетін бала алу формасы. Еліміздің заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетім не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов. 

Жауапты тұлғаның айтуынша, соңғы жылдары жетім не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткішінің оң динамикасы байқалған. Атап айтсақ, 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 63 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 221 қызмет рәсімделген.

«Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінің біріне келіп өтініш бере отырып, жеке басын куәландыратын құжат, некеде тұрған жағдайда, жұбайының нотариалды расталған келісімі, қамқорлыққа алушының денсаулық жағдайы, табысы, тұрғын үйді пайдалану құқығын, баланың жетім қалғандығын растайтын және егер бала 10 жасқа толған болса оның келісімі сияқты құжаттарды тапсыруы тиіс. Егер адамның соттылығы бар болса немесе табысы аз, я болмаса денсаулық жағдайы келмесе баланы қамқоршылыққа ала аламайды», -деп қосты Асхат Жарылқасынов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық