Шпекбаев: Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың ең қарапайым тәсілі

21 Шілде 2020, 16:12
2294
Бөлісу:
Шпекбаев: Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың ең қарапайым тәсілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың ең әлеуетті, қарапайым әрі түсінікті тәсілі деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Жылдың соңына дейін агенттіктің негізгі ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыру жұмыстары аяқталады. Бұл кадрлық қамтамасыз ету, ведомстволық статистиканы визуализациялау және коммуникациялық байланыстарды жақсарту. Бізге электрондық қылмыстық істердің мүмкіндігін барынша кеңінен пайдалану қажет. Сондай-ақ, Алматы қаласының тұтқында ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған тұлғаларды электрондық білезіктерді пайдалану арқылы қадағалаудың тәжірибесін тарату қажет. "Цифрлық Антикор" жобасы аясында Big Data технологиясы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтаудың алдын ала-талдамалық құралдары әзірленетін болады, - деді ол. 

Шпекбаев міндеттерді дұрыс қою керегін айтты.

Міндеттерді дұрыс қою арқылы бізге қандай да бір салада сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тривиалды емес шешімдерді ұсына алатын отандық ІТ-индустриясының ресурстарын барынша пайдалануымыз керек. Осыған орай таяу арада онлайн антикор-хакатон ұйымдастырылады, - деді ол.
Бұған дейін Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығы жемқорлық тәуекелдерін жою ұсыныстарын орындайды деп үміттенетінін айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы