Шорт-тректен әлем кубогы. Еліміз қоржынында екі медаль бар

23 Қазан 2021, 16:12
12445
Бөлісу:
Шорт-тректен әлем кубогы. Еліміз қоржынында екі медаль бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің қола медалін иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен. 

Алтын және күміс медальді венгриялықтар Шаолин Сандор мен Джон Генри Крюгер жеңіп алды. 

Айта кетелік, финалда екі рет ережені бұзғаны үшін Қытай және Канада спортшылары жарыстан шеттетілді. 

Сонымен қатар, ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен. 

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз. 

Өзгелердің жаңалығы