Шорт-тректен әлем кубогі: Әділ Ғалиахметов ширек финалға өтті
22 Қазан 2021, 22:33 496

Шорт-тректен әлем кубогі: Әділ Ғалиахметов ширек финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде шорт-тректен лицензиялық әлем кубогінің бірінші кезеңі жалғасуда. Екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының мүшесі ширек финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

1000 метрге жүгіруден сынға түскен Әділ Ғалиахметов ¼ айналымға өтті. Әйелдер арасында бұл қашықтықта Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Алайда, ол бірінші кезеңнен аса алмады.

Сондай-ақ, эстафетадан сынға түскен Қазақстан әйелдер және ерлер командасы жартылай финалға өткен жоқ. Осы орайда, ерлер командасы мәреге жеткенге дейін үздік болғанын айта кету керек. Алайда, соңғы секундтарда Италия құрамасы озып кетті. 

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша ширек финалға өтті. Ал 1500 метрде жартылай финалға Әділ Ғалиахметов пен Нұртілек Қажығали өтті. 


Фото: дереккөз
Загрузка...