ШОБ. Бизнесте тіркелген заңды тұлғалардың саны артқан

15 Шілде 2020, 18:13
1282
Бөлісу:
ШОБ. Бизнесте тіркелген заңды тұлғалардың саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да карантин кезіндегі азаматтар мен бизнестің құқықтары мен міндеттері тақырыбында өткен онлайн конференция барысында айтты.

15 шілдедегі жағдай бойынша, шағын және орта бизнесте тіркелген 384 мың заңды тұлға бар. 2020 жылғы 1 қаңтардан 15 шілде аралығында шағын және орта бизнес бойынша 17 мың заңды тұлға тіркелген. Бұл жерде жеке кәсіпкерлер емес, тек заңды тұлғаларды айтып отырмын. 1482 субъект өз ісін тоқтатты. 2019 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш бойынша 15 826 азаңды тұлға тіркелген еді. Яғни, заңды тұлғалардың бизнесте тіркелуі артып отыр. Алайда бұл бойынша үкім шығаруға болмайды, – деді ол.
Министр жай ғана тіркелу белсенді кәсіпкер дегенді білдірмейтінін айтты.
Оның құжат пакеттері бар, алайда бизнесі болмауы мүмкін. Президент шағын және орта бизнес кейбір сала бойынша қарқынын төмендеткенін айтқан болатын. Оны салық төлеу бойынша да көруге болады. Бұл туралы толық ақпаратты қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі бере алады, – деді ол.
Өзгелердің жаңалығы