Бас жаңалықтар
Шоқпар стансасында 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетті
30 Маусым 2020, 11:12 90

Шоқпар стансасында 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусым 01 сағат 30 минутта Шоқпар стансасында 45 км/сағ жылдамдықпен 2-ші жолға келген №2950 жүк пойызының 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетті.

Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі хабарлады. 

Цистернаның меншік иесі PTC "HOLDING" ЖШС. 

Цистернадағы бензиннен өрт шыққан. Габарит бар. Бензиннің жануына байланысты пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 6 жолаушылар пойызы кідірді, - делінген хабарламада. 
03.40 минутта өрт Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру машиналары мен Шу стансасындағы өрт пойызының көмегімен сөндірілді. 

Апаттың алдын ала шығу себебі цистернаның доңғалақ жұбы осінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі. Оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...