Бас жаңалықтар
ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды
20 Қыркүйек 2021, 23:33 170

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған қарулар табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам үйде қолдан қару жасаған.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізген.

Нәтижесінде 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен, омартасынан 100-ден аса оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 5,6 миллиметр патронмен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, қолдан жасалған, калибрі 5,6 миллиметр мылтық, тіркелмеген 28 және 12 миллиметрлік екі ТОЗ-34 мылтығы, сондай-ақ қарудың әр түрлі компоненттері тәркіленді. Қамауға алынған адамның айтуынша, қарудың бір бөлігін қолөнер әдісімен үйде жасаған, – делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...