Бас жаңалықтар
ШҚО тұрғындарына жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
05 Наурыз 2021, 12:38 260

ШҚО тұрғындарына жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жиналыс өтті.

Кодекстің негізгі бағыттары «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсау, үздік халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық талаптарды қатаңдату, автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру, оныңішінде «Waste to Energy» және т.б. енгізу болып табылады. 

Кодекстің жаңа редакциясы қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың тиімді және ашық жүйесін құруға бағытталған, - деп атап өтті вице-министр. 

Ахметжан Пірімқұловтың сөзіне қарағанда, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлегеннен гөрі қоршаған ортаға теріс әсеретуді болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдау тиімді болатындай жағдай жасауы тиіс. 

Осы қағидатты негізге ала отырып, кодексте кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу шарты мен І санаттағы объектілердің кешенді экологиялық рұқсаттарына көшуі көзделген. 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ОҚТ-ға көшуді кезең-кезеңмен жасау ұсынылады. Кәсіпорын 10 жыл бойы экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ОҚТ енгізеді. Осы кезеңде олар эмиссия үшін төлемнен босатылады және сәйкесінше бұл қаражат ОҚТ енгізуге бағытталуы мүмкін. 

Вице-министрдің айтуынша, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер  және табиғатты қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсауына  қатысты ағымдағы жағдай халықаралық сарапшылар тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған. Осыған байланысты, ілеспе заң жобасында жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден түсетін қаржыны  100% көлемде табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруға міндетті екендігі көзделген. 

Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында тұрған ШҚО экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешуге бағытталған  Жол картасын іске асыру туралы ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Отырыс барысында қоғам қайраткерлері, эко-белсенділер вице-министрге бірқатар сұрақ қойды, олардың әрқайсысына толық жауап  берілді. 

Жалпы, жаңа Экологиялық кодексті іске асыру елдегі экологиялық жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді, ол үшін біздің азаматтарымызға да, ірі бизнеске де қолдау қажет.
 


Фото: дереккөз
Загрузка...