ШҚО-ның тағы бір ауылында жаңа жылу қазандығы салынады

27 Қазан 2020, 20:13
1649
Бөлісу:
ШҚО-ның тағы бір ауылында жаңа жылу қазандығы салынады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылы Глубокое ауданының орталығында жаңа жылыту қазандығы іске қосылуы мүмкін.

Ұзақ уақыттан бері жылыту көздеріне қосылуы мүмкін болмай келген, мүмкін болса жылу керекті көлемде берілмей келген глубокоелықтар алдағы жылдан бастап бұл проблемадан түбегейлі құтылмақ.

Глубокое кентіндегі жылыту көзінің жеткіліксіздігі мәселесінің қозғалып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Кенттің бірқатар тұрғын үйі, әсіресе, жеке тұрғын үйлері көп ауданындағы тұрғындар үйлерін орталықтандырылған жылыту қазандығына қосу мүмкінігі болмай, ал жылуға қосылған үйлердің жылуды қажетті мөлшерде ала алмай келгені рас. Биыл бұл мәселені шешу мақсатымен түркиялық компаниямен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңадан жылыту қазандығын салу туралы келісімге келдік», – деді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Жауапты тұлға жоба құнының 4,5 млрд теңгені құрайтынын айтады. Жалпы бұл құрылыстың 60 пайызы жекеменшік кәсіпорын тарапынан жасалатын инвестиция болса, 40 пайызы өңірлік бюджет есебінен қарастырылатын қосымша қаражат көрінеді. Қазіргі уақытта қазандықтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жүргізуге арналған жер телімі дайындалды. Жаңа нысанға Түркиядан әкелінген заманауи құрылғылар қойылады. Осының нәтижесінде қатты отынның жану деңгейі 99 пайызға жеткізілмек. Осылайша, көмір толықтай жанып, қалдық қалмайтын болады.

Биыл жыл соңына қарай қазандық ғимаратының қабырғалары қаланып, келесі жылы қажетті құрылғыларды жеткізбекпіз. Құрылыс пен дайындық жұмыстары келесі жылдың тамызына қарай аяқталса, алдағы жылдың жылыту маусымында қуаты 30 гКал-дық қазандықты қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз, – деп қосты Нұрлан Рамазанов.



Өзгелердің жаңалығы