ШҚО-ның ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25 Желтоқсан 2020, 00:23
3337
Бөлісу:
ШҚО-ның ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Мұхамедчинов Азамат Маратұлы тағайындалды.

Мұхамедчинов Азамат Маратұлы 1978 жылы 23 ақпанда туған.

2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (өнер бакалавры), 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін (экономика бакалавры) бітірген.

1998-2001 жылдар аралығы – Жарма ауданы Әуезов ауылындағы орта мектептің мұғалімі.

2001-2008 жылдар аралығы – Риддер қаласы «Шаңырақ» орта мектебінің мұғалімі.

2008-2010 жылдар аралығы – Риддер қаласы «Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

2010-2012 жылдар аралығы – Риддер қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2012-2016 жылдар аралығы – Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2016- 2019 жылдар аралығы – Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдар аралығы – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2020 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Өзгелердің жаңалығы