Бас жаңалықтар
ШҚО Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 225 тоннадан астам өнімін әкелмек
02 Қыркүйек 2021, 14:29 828

ШҚО Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 225 тоннадан астам өнімін әкелмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері, яғни 4 және 5 қыркүйекте «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы агрономдарының қатысуымен кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

ШҚО шаруа қожалықтары елорда тұрғындарына жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық таза өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеге өңірдің 15 ауданынан және екі қаласынан өндірушілер қатысады.

Жалпы сомасы 356,2 млн теңгеге көлемі 225,2 тонна өнімнің 28 атауын сату жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысынан елордаға 40 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімі, 8 тонна сүт өнімі, 13 тонна өсімдік майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз, ұлттық бұйымдар мен пантоөнімдер, 150 тонна көкөніс өнімі мен картоп және т. б. жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке 4 және 5 қыркүйекте сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-20% төмен болады.

Барлық өнім санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді, сатушыларда тауарлардың шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

Жәрмеңке санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Келушілер маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтауы керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...