Бас жаңалықтар
ШҚО Катонқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды
23 Қаңтар 2021, 15:36 204

ШҚО Катонқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Катонқарағай ауданының әкімі лауазымына Қалиқан Ділдар Қаликанұлы тағайындалды, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін жаңа әкімнің кандидатурасын кезектен тыс өткен сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Аудан активіне Ділдар Қалиқанұлын облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев таныстырды, - делінген таратылған ақпаратта.

Ділдар Қалиқан 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Дамир» шаруа қожалығының басшысы қызметінде бастаған. 2007 жылдан 2012 жылға дейін «Үш Бұлақ» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары аралығында Зайсан және Катонқарағай аудандары әкімдерінің орынбасары лауазымында еңбек етті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...