ШҚО. Катонқарағай ауданында алдағы бес жылда 192 жоба жүзеге асады

23 Қазан 2020, 12:34
1785
Бөлісу:
ШҚО. Катонқарағай ауданында алдағы бес жылда 192 жоба жүзеге асады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шекаралық аудандарды дамытудың кешенді жоспарына сәйкес алдағы бес жылда Катонқарағай ауданында жалпы құны 24 миллиард теңгені құрайтын 192 жоба жүзеге асырылмақ. 

Бұл туралы Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта жүзеге асырылатын 192 жоба негізінен бюджеттік және жекеменшік қаражаттар есебінен іске асатын көрінеді. 

Жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге 192 жобаны жүзеге асырамыз. Осы жылдың өзінде «Ауыл, ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бизнесті дамытудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы құны 6 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба жүзеге асырылуда, - деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. 

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының да қарқыны жақсы. Жауапты тұлғаның айтуынша, қазіргі уақытта 3,4 миллиард теңге қарастырылған құрылыс жұмыстары нәтижесінде 2007 шаршы метр тұрғынүй қолданысқа берілген. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы аудан аумағында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында жеті көппәтерлі тұрғын үй, мердігерлер есебінен көпбалалы отбасыларға арналған жеке тұрғынүйлер құрылысы жүргізілуде.  

Өзгелердің жаңалығы