ШҚО-дағы жағалауларды құтқарушы иттер күзете бастады

21 Маусым 2021, 16:17
6617
Бөлісу:
ШҚО-дағы жағалауларды құтқарушы иттер күзете бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке құтқарушылардан бөлек, арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылады.

Лабрадор тұқымды Алеся, Вильсон, Хит атты иттер түсуге қауіпті су жағалауларын күзетеді және зардап шеккендерді құтқару қызметін атқарады. Лабрадор тұқымы адамды жақсы көретіндігімен қоса, ақылдылығымен және батылдығымен ерекшеленеді. Құтқарушы иттерді үстіндегі жарқырайтын арнайы жейделер арқылы алыстан байқауға болады.      

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша жақын арада иттерді үйрету және суда құтқару бойынша сертификат алу мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі кинолог мамандардың қызметтік иттерді дайындауда тәжірибесі мол. Біз республикада алғашқылардың бірі болып өзіміздің кинологиялық қызметімізді құрдық. Ал қазіргі уақытта құтқарушы иттер ҚР ТЖМ әрбір құтқару бөлімшесінде бар. Биыл біздің құтқарушы иттер төрт іздестіру-құтқару операциясына қатысты, - деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің басшысы Марат Әбілсейітов.

Өзгелердің жаңалығы