ШҚО-дағы Шар қаласында жаппай төбелес болды

24 Қараша 2021, 10:09
1582
Бөлісу:
ШҚО-дағы Шар қаласында жаппай төбелес болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды.

Видеоны жол-жөнекей өтіп бара жатқан куәгер түсіріп алған. Төбелеске кем дегенде 20 адам қатысқан. Қолдарында таяқ, бір біріне айқайлаған жігіттер көрінеді.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі («Бір топ адамдар жасаған бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 Жараланған адамдар туралы хабарлама түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды, - деп атап өтті департаментте.

 

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар! 

Өзгелердің жаңалығы