ШҚО-дағы орман өрті. Шұғыл желі іске қосылды

10 Мамыр 2021, 21:05
1296
Бөлісу:
ШҚО-дағы орман өрті. Шұғыл желі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеуде.

Жану алаңы 310 га. Өрттің салдарынан  35 үй өртеніп кеткен, тағы 9 үй өрттен зардап шекті. 

Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы қосымша бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылатын болады, - деді  ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 
ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен  жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ,  ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, Риддердегі шөптен шыққан өрттен 14 үй өртеніп, бір адам қаза тауып, екі адамды күйік шалғанын жазған едік. 


Өзгелердің жаңалығы