ШҚО-дағы Новопокровка тұрғындары эвакуацияланды ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

10 Сәуір 2021, 16:55
1623
Бөлісу:
ШҚО-дағы Новопокровка тұрғындары эвакуацияланды ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданының Новопокровка ауылына келіп, тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда еріген сулар үй маңындағы аумақты басып қалған. Су деңгейі 10 сантиметрден 30 сантиметрге дейінгі аралықты құрады. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден адамдарды эвакуациялау жүргізілуде, олар туыстарының үйіне орналастырылатын болды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауылдағы мектеп пен әкімдікте эвакуациялық бекет дайындалды. Жалпы алғанда оқиға орнында ШҚО ТЖД мен жергілікті атқарушы орган, 68303 әскери бөлімінің жеке құрамынан 83 адам және 19 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жұмылдырылды. 400 дана қап төселді. Тұрғындар су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекеттер бойынша нұсқау алды. ​
Өзгелердің жаңалығы