Бас жаңалықтар
ШҚО-да жүргізуші қазылған жолға түсіп кетті
16 Қыркүйек 2021, 01:39 131

ШҚО-да жүргізуші қазылған жолға түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шемонаиха қаласындағы Иванов көшесінде болған. ЗАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші қазылған жолды байқамай, шұңқырға түсіп кетті.

Аталған факті бойынша жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «ВостокЭнерго» ЖШС басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккен азамат материалдық шығынды өндіру үшін сотқа арыздана алады, – делінген ақпаратта.

Жарақат алған ер адамға медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Жүргізушінің айтуынша, жол апатына жөндеу жұмыстары туралы ескерту белгісінің қойылмауы себеп болды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...