Бас жаңалықтар
ШҚО-да жолдар жабылды
08 Наурыз 2021, 22:05 855

ШҚО-да жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында жол уческесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында 08.03.2021 күні 21:00 сағаттан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран соғып, жолдың көрінбеуі) «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды: 15-102 км, Глубокое ауылы мен Шемонайха қаласы аралығындағы жол бөлігі; 105-123 км, Шемонайха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы жол бөлігі - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ақтөбе облысында жолдар жабылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...