ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

10 Сәуір 2021, 10:35
1473
Бөлісу:
ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері, құтқарушылары, еріктілер мен тұрғындар екі жасар баланы іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және қала тұрғындары 2 жасар баланы іздеу жұмыстарын түні бойы жүргізген.

Анасы кәмелетке толмаған ұлы Арсений Киселевтің жоғалғаны туралы айтып полицияға жүгінген. Анасының айтуынша, бала жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.

Полицейлер кішкентай Арсений аға-апайларымен бірге, сондай-ақ көрші көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтады, алайда Арсений біршама уақыттан кейін жоғалып кеткен.

Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келген.

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

Полиция қызметкерлері баланың өзен бойында ойнап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжамы болды. Бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Одан әрі баланың мәйітін полиция қызметкерлері өзен арнасын тінту барысында ықтимал құлау орнынан 1 км қашықтықта тапты, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта кеңейтілген ауқымды іздеу операциясы тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы