Бас жаңалықтар
ШҚО-да жергілікті сүт өңдеу зауытының өнімдері сатылымға шықты
05 Маусым 2019, 11:01 316

ШҚО-да жергілікті сүт өңдеу зауытының өнімдері сатылымға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршім ауданының сүт өңдеу зауыты өз өнімдерін сатылымға шығарды. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді, деп хабарлады Алтайньюс.

"Қаратоғай ауылындағы сүт өңдеу заутының өнімдері ауданымыздың дүкен сөрелерінде сатыла бастады. Өткенде аталмыш зауыттың іске қосылғаны туралы хабарлағанымызда көптеген жерлестеріміз өнімді алуға асығып, қайда саудаланатынын сұраған болатын. Табиғи таза, сапасы жоғары, бағасы қолжетімді сүт өнімдерін ауданымыздағы дүкендерден сатып алсаңыз болады", - деп жазды аудан әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық