ШҚО-да жастар ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысуда

25 Шілде 2021, 12:35
3381
Бөлісу:
ШҚО-да жастар ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 шілде барлық қазақстандық үшін тарихи күн болмақ. Бүгінде бүкіл ел бойынша халық алғаш рет ауыл әкімдерін сайлайды, олар келесі төрт жылда ауылды басқаратын болады. Сондықтан ауылдық округтердің болашағы Қазақстан тұрғындарының бүгінгі таңдауына байланысты болмақ.

Мұны барлық ауыл тұрғыны жақсы түсінеді. Сондықтан сайлаушылар арасында бүгінде алғаш рет лайықты кандидаттарға дауыс беретін жастар көп. Бүгінде жастар жарқын болашаққа үлкен қадам жасап отыр.

Шығыс Қазақстанда сайлауға алғаш рет Шемонаиха ауданы Выдриха ауылының тұрғыны, он сегіз жасар Кирилл Михайленко қатысып отыр, ол бағдарламалары мен болашақ жоспарлары өзіне барынша әсер еткен кандидатқа дауыс бергенін атап өтті.

Ауылдық округ әкімі жауапты, белсенді болуы керек және, әрине, ауыл тұрғындарының барлық мәселесін ішінен білу үшін ұзақ жыл бойы осы ауылда тұруы керек деп есептеймін. Біздің ауыл әкімін таңдауға мүмкіндігіміз бар екеніне қуаныштымын, – дейді Кирилл.

Сондай-ақ Глубокое ауданы Предгорное ауылының тұрғыны Владислав Скворцов та сайлауға алғаш рет қатысып отыр.

Мен сайлау процесіне алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін жауапты сәт, өйткені мен өз дауысымды ауылымның болашағына арнаймын. Сайлау учаскесіне келмес бұрын мен кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын зерттедім. Сондықтан мен дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін. Сайлау учаскелерінің жақсы дайындалғанын атап өткім келеді. Мұнда барлық сақтық шарасы қарастырылған, - деді жас сайлаушы.

Сайлау комиссияларының мүшелері дәстүр бойынша алғаш рет дауыс берушіге естелік сыйлықтар табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы