ШҚО-да учаскелік полицейлер екі мыңға жуық қылмысты ашты

23 Желтоқсан 2020, 23:19
1459
Бөлісу:
ШҚО-да учаскелік полицейлер екі мыңға жуық қылмысты ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының учаскелік полицейлері жыл басынан бері 1 800 қылмысты ашқан.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Сондай-ақ инспекторлар 2020 жылы 91 мың әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 112 мың арызды қараған.

Учаскелік полиция инспекторы – алыс елді мекендердегі бірден-бір ішкі істер органының өкілі. Ол құқықтанудың қыр-сырын, жедел тергеудің егжей-тегжейін, сот-медициналық жұмыстардың жай-жапсарын білуі керек. Сондықтан учаскелік полиция қызметкерінің беделі де, оған жүктелетін жауапкершілік те жоғары, – деп мәлімдеді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Өзгелердің жаңалығы