ШҚО-да тілдік пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты - әкім
12 Қараша 2021, 14:31 142

ШҚО-да тілдік пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов облыстағы білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Соңғы бес жыл көлемінде облыста іске асырылып жатқан «Үштілді білім беруді дамыту» өңірілік жобасы аясында тілдік пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты. Соның нәтижесінде мұғалімдердің оқыту әдістемесін меңгеруі 14-тен 89%-ға, ал оқушылардың білім сапасы 53-тен 62%-ға дейін артты.

Даниал Ахметов биыл орыс тілінде оқытатын мектептерде практикалық қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған жобаның үш жылдық кезеңін бастайтынын айтты.

Ол үшін біз эксперимент алынған облыстағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің 200 мұғалімін практикалық қазақ тілін тереңдете үйретуге оқыттық. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін биылдан бастап халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына бірреттік сыйлықақы беруді жоспарлап отырмыз, - деп айтты ШҚО әкімі.

Оның сөзінше, бағдарламалау бойынша білім сапасын арттыру мақсатында облыстың барлық 647 мектебінде оқушылар мен ұстаздар халықаралық стандарт бойынша IT бағдарламасын тереңдете оқиды.

Оқушылардың ғылыми және Start-up жабаларын іске асыруға 2018 жылдан бері 23 млн теңгенің 25 гранты бөлінді. Бұл жұмыс жыл сайын жалғасады. Балабақшалар мен мектептердегі қауіпсіздік те басты назарымызда. Барлық оқу мекемелері бейнебақылау, арнайы күзет жүйелерімен қамтамасыз етілген, «дабыл» түймелері, турникеттер, металлдетекторлары орнатылуда, - деп толықтырды ол.

Айтуынша, облыста үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толықтай шешілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...